Өмірбаян

Әділғазы Қайырбеков 1955 жылдың 10 қаңтарында Абай облысы (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданынының Қожагелді ауылында туған. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті 1972 жылы, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филологияфакультетін 1978 жылы тәмәмдаған. С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінде экскурсовод (1978–1979), Қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор (1979–1981), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде Мәдениет және Әдебиет бөлімдерінің тілшісі, меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі(1981–1991), ҚР Парламентінің «Халық Кеңесі» газетінде Руханият бөлімінің меңгерушісі (1991–1996), Еларалық «Қазақ Елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары – «Шалқар» қосымшасының редакторы (1996–1999), «Қазақ Энциклопедиясы» Бас редакциясының жетекші маманы (1999–2000),  Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры (2000–2023),  аға ғылыми қызметкері (2023 жылдан).

Ақын, ғалым, журналист, қоғам қайраткері. Қазақстанның құрметті жазушысы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Филология ғылымдарының кандидаты. Республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Алматы қаласы Әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «10 жыл Астана», «ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекелікмедальдарымен, ТҮРКСОЙ-дың «Тоқтоғұл–150» мерейтойлық медалімен, ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінің «Даңқ жұлдызы» орденімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Поэзия кеңесінің төрағасы. ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық ақындар клубының (Poets International Pen Club) басқарма мүшесі.
Республикалық жыр мүшайраларының бірнеше мәрте жүлдегері. «Мағжан көктемі–2017» республикалық өнер фестивалінің 1-орын иегері. 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты іргелі зерттеу еңбектің авторларының бірі. Өлеңдері «Екімыңжылдық дала жыры» (2000), «Жыр маржаны» – 10 томдық қазақ поэзиясының антологиясы (2014), 3 томдық «Антология современной казахской литературы» (Москва, 2014) кітаптарына енген.
Шығармалары:
  • «Бастау». Өлеңдер. Алматы: «Жалын», 1980;
  • «Ақ тұма» (Жетіген). Поэма және өлеңдер. Алматы: «Жалын», 1984;
  • «Шамшырақ». Өлеңдер. Алматы: «Жалын», 1987;
  • «Сөз бен іс». Деректі әңгімелер мен очерктер. Алматы: «Жалын», 1988;
  • «Намыс найзағайы». Деректі хикаят. Алматы: «Шартарап», 1996;
  • «Шер шертер». Жыр кітабы. Алматы: «Ана тілі», 1998;
  • «Саға». Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам. Астана: «Фолиант», 2003;
  • Автореферат. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы: ізденістер, проблемалар» (1991-2001 ж.ж.). Алматы: «Комплекс», 2004;
  • «Шарайна». Библиографиялық көрсеткіш. Алматы: «Мерсал», 2005;
  • «Бөртостаған». Жыр кітабы. Алматы. «Жазушы», 2005;
  • «Ардакүрең». Эссе, әдеби сын-зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам. Алматы: «Дәуір», 2008;
  • «Сұлутал». Жыр кітабы. Астана: «Астана–полиграфия», 2009;
  • «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы». Зерттеу кітабы. Алматы: «TST Company», 2011;
  • «Жандауа». Жыр кітабы. Алматы: «TST Company», 2013;
  • «Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит». Эсселер, ғылыми-зерттеу мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат. Алматы: «Айғаным», 2014;
  • 10 томдық шығармалар жинағы. Алматы: «TST Company», 2014;
  • «Ғұмырдария», Балладалар кітабы, «Алматы–Болашақ», 2020;
  • «Назқоңыр», Жыр кітабы, Алматы: «Полиграфкомбинат», 2020;
  • «Ғабит Мүсірепов кім?», Алматы: «Мазмұндама», 2023;
  • «Ғазалғұмыр» Жыр кітабы: Өлеңдер, балладалар. Алматы: «Атамұра». 2025;
  • «Көк дәптер», Мақалалар, сыр-сұхбат, ой-толғам. Алматы: «Үш Қиян», 2025.
  • «Әділғазы Қайырбеков. Библиографиялық көрсеткіш», ҚР Ұлттық кітапханасы. Құраст. М.К.Әбілова. Алматы. – 2025;
  • «Қоңыр әуен».Жыр кітабы (Өлеңдер, балладалар, поэмалар). Астана: «Фолиант», 2025;
  • «Сары дәптер» (Менің хатханам – Моя письмотека». – Алматы: «Үш Қиян», 2025.
Made on
Tilda